Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.29.04 № 464 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 29 сәуірдегі

№ 464 қаулысымен

бекітілген

 

Осы редакция 2011 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде
 қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) (бұдан әрі - Аумақтық инспекция) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы (бұдан әрі - Инспектор) ұсынады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасының, 4-тармағы 2) тармақшасының және 35-бабы 2-тармағының;

2) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында - www.minagri.gov.kz және осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлардағы аумақтық инспекциялардың үй-жайларында ілінген стендтерде орналасқан.

5. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі - ветеринариялық сертификатты (қағаздағы тасымалдағышта) беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку