(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.07.12. № 1181 ҚАУЛЫСЫ
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық
мақсаттағы объектілерді салуға конкурстар өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 1181 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салуға конкурстар өткізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1181 қаулысымен
бекітілген
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы
объектілерді салуға конкурстар өткізу
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салуға конкурстар өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының жер, азаматтық заңнамасына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес әзірленді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (бұдан әрі - табиғатты қорғау мекемесі) мынадай түрлерінде туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді (бұдан әрі - объектілер) салуға конкурстар өткізу тәртібін айқындайды:
1) мемлекеттік ұлттық табиғи парк;
2) мемлекеттік өңірлік табиғи парк;
3) мемлекеттік табиғи резерват.
Редакция документа
Демо – версия документа