(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2000 Ж. 7 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 110-II ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы
2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 110-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2007.02.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Осы Заң тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi және осы жүйенiң жұмыс iстеуiне байланысты оның субъектiлерiнiң арасындағы қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру жағдайларын, мазмұнын және нысандарын реттейдi.
2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.02.07 № 272-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын ала тұрғын үй заемы - шарттық соманы алғанға дейін негізгі борышты өтеу талаптарынсыз, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында шарттық соманың шегінде салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкі беретін нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктің ішкі кредиттік саясатына және банктік заемның бөлек шартының талаптарына сәйкес шарттық соманың есебінен өтеледі;
2) аралық тұрғын үй заемы - жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшері жинақталған жағдайда, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымшыға беретін нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктің ішкі кредиттік саясатына және банктік заемның жеке шартының талаптарына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық соманың есебінен өтеледі;
3) бағалау көрсеткіші - шарттық сомаларды төлеу кезектілігін қалыптастыру үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банкі әрбір шарт бойынша айқындайтын есептеу шамасы;
Редакция документа
Демо – версия документа