(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2000 Ж. 7 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 110-II ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000
жылғы 7 желтоқсандағы № 110-II Қазақстан Республикасының Заңы
(10.07.03 ж. № 483-II; 2005.14.04. № 43-III ҚР Заңдарымен енгізілген
өзгерістерімен )
Осы редакция 2007 ж. 2 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Осы Заң тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi және осы жүйенiң жұмыс iстеуiне байланысты оның субъектiлерiнiң арасындағы қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру жағдайларын, мазмұнын және нысандарын реттейдi.
2005.14.04. № 43-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақысы - салым бойынша сыйақы ставкасына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ банкi есептейтiн ақша;
2) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым (депозит) - тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарына сәйкес салымшының тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнде ашылған шотына салымшы немесе үшiншi тұлғалар салатын ақша;
3) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы (бұдан әрi - салымшы) - тұрғын үй құрылысы жинақ банкiмен тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасасқан жеке тұлға;
4) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт - осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актілеріне сәйкес салымшы мен тұрғын үй құрылысы жинақ банкi арасындағы, оның iшiнде банктің агентi (агенттерi) арқылы жасалатын екі жақты шарт;
5) шарттық сома - салымшыға тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргiзу үшiн қажет, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасынан және тұрғын үй заемынан тұратын ақша сомасы;
Редакция документа
Демо – версия документа