Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2000 Ж. 7 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 110-II ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000
жылғы 7 желтоқсандағы № 110-II Қазақстан Республикасының Заңы
(ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен енгізілген
өзгерістерімен )

Осы редакция  2005 жылғы 14 сәуірдегі № 43-III Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне  дейін  қолданылды

 

Бұрынғы ред. қара

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар

Осы Заң тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi және осы жүйенiң жұмыс iстеуiне байланысты оның субъектiлерiнiң арасындағы қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру жағдайларын, мазмұнын және нысандарын реттейдi.

2-бап. Осы Заңда қолданылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:

1) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы - тұрғын үй құрылысы жинақ банкiмен тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасасқан жеке тұлға;

2) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт - салымшы мен тұрғын үй құрылысы жинақ банкі арасындағы екі жақты шарт;

3) шарттық сома - салымшыға тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшiн қажет, жинақталған ақша мен тұрғын үй заемы сомасынан тұратын, өзi тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты жасап отырған ақша сомасы;

4) тұрғын үй заемы - осы Заңның нормаларына және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың талаптарына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысына тұрғын үй құрылысы жинақ банкі берген нысаналы заем;

5) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы - салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегі шараларды жүргiзу мақсатында тұрақты сыйақы ставкасымен тұрғын үй заемын және мемлекеттің сыйлықақысын алу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiнде жинақтаған ақша сомасы;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку