(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.30.06 № 558 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қаулысы
(2010.28.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметтің үлгі стандарты бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органдар өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызметтің стандарттарын бекітуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 662 Қаулысымен үлгі стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 558 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызметтің үлгі стандарты
_____________________________________
(қызметтің атауы)
1. Осы мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де ұйымдардың атауын (мекенжайын, жұмыс кестесін) көрсету.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:_______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
толық автоматтандырылған, ішінара автоматтандырылған, (автоматтандырылмаған).
Редакция документа
Демо – версия документа