(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 30 МАУСЫМДАҒЫ № 558 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар өзінің құзыретіне кіретін әрбір мемлекеттік қызмет бойынша бөлек мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекітуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 558 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
үлгі стандарты
__________________________________________________
қызметтің атауы
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
___________________________________________________________________________________
(мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы)
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:
___________________________________________________________________________________
(толық автоматтандырылған, ішінара автоматтандырылған, автоматтандырылмаған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы мен бабы (тармағы).
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:
_____________________________________________________________________________________
Редакция документа
Демо – версия документа