(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 24.12.2008 № 1239 ҚАУЛЫСЫ
Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 Қаулысы
(2009.02.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясында көзделген шараларды тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.02.09. № 1297 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1239 қаулысына
1-қосымша
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары |
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Көтербеков Дулат Қазистайұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Редакция документа
Демо – версия документа