Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 987 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына өзгерістер енгізу және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

 

ҚР Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1560 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 199-құжат; 2006 ж., № 18, 166-құжат; 2007 ж., № 13, 145-құжат; № 41, 463-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат; 2009 ж., № 29, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы мамырдың12-і

 

№ 987

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2010 жылғы 12 мамырдағы

№ 987 Жарлығына

1-ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2005 жылғы 23 сәуірдегі

№ 1560 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы

Кәсіпкерлер кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку