(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 Ж. 4 СӘУІРДЕГІ № 320 ҚАУЛЫСЫ
Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және
оларды иеліктен шығару ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 320 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 19 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К.Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 4 сәуірдегі
№ 320 қаулысымен
бекітілген
Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық
салу және оларды иеліктен шығару ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес әзірленген және стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару тәртібін айқындайды.
2. Ережеде пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
1) Комиссия - Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы стратегиялық объектілер бойынша консультативтік-кеңесші орган;
2) уәкілетті орган - Комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік орган;
3) стратегиялық объект иесі - стратегиялық объектінің меншік иесі болып табылатын не мұндай объект Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және осы стратегиялық объектіні үшінші тұлғалардың құқықтарымен иеліктен шығару не ауыртпалық салу бойынша мәміле жасауға ниеттенген жеке немесе заңды тұлға.
Редакция документа
Демо – версия документа