(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1996 Ж. 31 МАМЫРДАҒЫ № 3-I ЗАҢЫ
Қоғамдық бiрлестiктер туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-I Заңы
(2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелерi (1 - 9 баптар)
2-тарау. Қоғамдық бiрлестiктердi құру, қайта (10 - 18 баптар)
ұйымдастыру, тарату
3-тарау. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi. (19 - 21 баптар)
Қоғамдық бiрлестiктiң меншiгi
4-тарау. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды (22 - 23 баптар)
бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
5-тарау. Қорытынды ережелер (24-бап)
Бiрлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бiрi болып табылады, оның iске асырылуы қоғам мүдделерiне сай келедi және мемлекеттiң қорғауында болады.
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн мәселелер
Осы Заңмен реттелетiн мәселелер - Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар.
2-бап. Қоғамдық бiрлестiк ұғымы
Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа