(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.29.12 № 1371 ҚАУЛЫСЫ
Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесі бекітілсін.
2. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
2-тармақтың 5) тармақшасындағы «белгіленген тәртіппен республика меншігіне өтеусіз өткен» деген сөздер «заңнамада көзделген өзге жағдайларда республикалық меншікке өткен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1371 қаулысымен
бекітілген
Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті
және өтеусіз беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже ерікті және өтеусіз негізде жүзеге асырылатын мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беруді ретке келтіру мақсатында әзірленді және тиісті тәртіпті айқындайды.
2. Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке беру туралы шешімді мүліктің меншік иесі қабылдайды және заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделуі тиіс.
2. Мүлікті мемлекеттік меншікке беру мен қабылдау тәртібі
Редакция документа
Демо – версия документа