(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.02.06. № 496 ҚАУЛЫСЫ
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 Қаулысы
(2009.02.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау әрі дамыту мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестері туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 917 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 303-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 917 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 410 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 186-құжат).
3. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2009.02.10. № 1513 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 2 маусымдағы
№ 496 қаулысымен
бекітілген
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық
кеңестер туралы үлгі ереже
Осы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдардың жанынан құрылатын сараптамалық кеңестерді қалыптастыру және олардың қызметінің тәртібін айқындайды.
1. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес):
Редакция документа
Демо – версия документа