Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 917 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 410 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 тамыздағы № 917
қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 29 сәуірдегі № 410 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 496 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөніндегі сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 тамыздағы № 917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 303-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөніндегі сарапшылық кеңестерi туралы үлгi ережеде: кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:

"Осы Ереже Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары құратын Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау әрi дамыту мәселелерi жөніндегі сарапшылық кеңестерiнiң (бұдан әрi - Сарапшылық кеңестерi) қызметiн белгiлейдi.";

5-тармақтың бiрiншi абзацы "және оған осы органның бiрiншi басшысы басшылық жасайды" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку