«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 495 бұйрығы (күші жойылды)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 495 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту немесе қабылдау бойынша орындалған жұмыс туралы есептің нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшада көзделген нормативтік құқықтық актілерді уақтылы әрі сапалы әзірлеу бойынша үйлестіру Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментіне жүктелсін.
3. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту немесе қабылдау бойынша дербес жауапкершілік Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшыларына және осы бұйрыққа 1-қосымшада көзделген нақты орындаушыларға жүктелсін.
4. Осы бұйрыққа 1-қосымшада көзделген нормативтік құқықтық актілерді уақтылы келісуді үйлестіру Қазақстан Республикасы әділет, ауыл шаруашылығы, индустрия және сауда, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға, Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, қорғаныс, ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа