«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 696 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 696 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЬІРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | Е. Біртанов |
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 696 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының
тізбесі
Тізбе түпнұсқаға сәйкес
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 1135 бұйрығы «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалаудың кейбір мәселелері туралы»;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 1046 бұйрығы «Көпбейінді стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы»;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1024 бұйрығы «Интернаттық ұйымға жатпайтын білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді және оны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беруді жетілдірудің кейбір мәселелері туралы»;
Демо – версия документа