(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 29.01.2009 № 80 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі
2009 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 80 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығын және «Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынысын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 29 қаңтардағы
№ 80 қаулысымен
Бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа