Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 731 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 731 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 737 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 407-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

«Ұйымдастыру іс-шаралары» деген 1-бөлімде:

реттік нөмірі 1.6-жолда:

2-бағанның екінші және үшінші абзацтарындағы «және салуға» деген сөздер «, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 1.7-жолда:

2-бағандағы «және салуға» деген сөздер «, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-бағандағы «28,7», «9,6», «9,6» және «9,5» деген сандар тиісінше «42,834», «8,734», «21,6» және «12,5» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 1.8-жолда:

2-бағандағы «дамытуға және жайластыруға» деген сөздер «дамытуға, жайластыруға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-бағандағы «90,0 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 30,0» деген сөздер «89,905 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 29,905» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 1.11-жолдың 6-бағанындағы «6 млрд. 508 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 1 млрд. 123» деген сөздер «6 млрд. 18 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 633» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1.12-1-жолмен толықтырылсын:

«

1.12-1

«Жергілікті атқарушы Қазақстан органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ИСМ, ЭБЖМ, Әділетмині

2009 жылғы наурыз

«;

«Ипотекалық кредит беру жүйесін жетілдіру» деген 2-бөлімде:

реттік нөмірі 2.4-жолда:

5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«2008 жыл»;

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«2008 жылы 15 млрд. теңге»;

«Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту» деген 3-бөлімде:

реттік нөмірі 3.1-жолдың 2-бағанындағы «және резервтік» деген сөздер алып тасталсын;

«Жиыны: Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатының көлемі» деген жолда:

6-бағандағы «300,8», «110,3», «102,8» және «87,7» деген сандар тиісінше «299,349», «106,598», «100,123» және «92,628» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку