Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 Қаулысы (2010.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 Қаулысы

(2010.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 796 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мүдделі министрліктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы талдамалы ақпарат берсін.

ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 796 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

ҚР Үкіметінің 2010.04.08. № 796 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2008.30.07. № 722 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.15.05. № 731 Каулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.04.08. № 796 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.31.12. № 1496 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 1 қазандағы

№ 867 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысындамытудың 2008-2010 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары

 

Р/с

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орын-

даушылар

Орындалу

мерзімі

Болжамды

шығыстар

Қаржыландыру

көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Ұйымдастыру іс-шаралары

1.1.

Тұрғын үй құрылысының

өңірлік бағдарламаларын

дайындау

Жергілікті атқарушы

органдардың

қаулылары

Облыстардың,

Астана және

Алматы қалаларының

әкімдері

2007 жылғы

IV тоқсан

Шығыстар бол-

жанбайды

 

1.2.

Тұрғын үйдің жалға ерілетін

секторын дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлеу және

жергілікті атқарушы

органдарға жіберу

Тұрғын үйдің жалға

берілетін секторын

дамыту жөніндегі

ұсынымдар

ИСМ

2007 жылғы

IV тоқсан

Шығыстар

болжанбайды

 

1.2-1

Мемлекеттік

жалға берілетін тұрғын

үйлерден алынатын жалдау

ақысын есептеу әдістемесін бекіту

ИСМ-нің

бұйрығы

ИСМ

 

2008

жылғы III

тоқсан

Шығыстар

болжан-

байды

 

 

1.3.

Тұрғын үй-құрылыс

кооперативтерін құруда түсіндіру жұмысын жүргізу

және азаматтарға жәрдем көрсету

ҚТКШІА-ға ақпарат

Облыстардың,

Астана және

Алматы

қалаларының

әкімдері

Жыл сайын 10

шілдеден және

10 қантардан

кешіктірмей

Шығыстар

болжанбайды

 

1.4.

Коммерциялық құрылыс

салушылармен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік

қағидаттарында елді мекендердің аумақтарын салу

ҚТКШІА-ға ақпарат

Облыстардың,

Астана және

Алматы

қалаларының

әкімдері, жеке

құрылыс салушылар

2008-2011 жылдар

жыл сайын

10 шілдеден және

10 қаңтардан

кешіктірмей

Тұрғын үй құрылысы

салынатын аудандардың инже-

нерлік-коммуникация-

лық инфра-құрылымын

жобалауға, дамытуға

және жайластыруға

арналған облыстардың,

Астана және Алматы

қалаларының жергі-

лікті атқарушы орган-

дарына көзделген ныса-

налы трансферттердің

бөлігі

Республикалық

бюджет

1.5.

Тұрғын үй құрылысының

2008-2010 жылдарға

арналған мемлекеттік

бағдарламасының іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру жөнінде

мемлекеттік комиссия құру

туралы Қазақстан

Республикасының

Президенті Жарлығының

жобасын дайындау

Қазақстан Республикасының

Президенті

Жарлығының

жобасы

ИСМ, ЭБЖМ,

Қаржымині

2007 жылғы қараша

Шығыстар болжанбайды

 

1.6.

Республикалық бюджет есебінен жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер беру шарттарын айқындау:

Астана қаласының

жергілікті атқарушы органына сыйақының

(мүдденің) нөлдік ставкасы

бойынша бюджет

саласының қызметкерлері

үшін тұрғын үйді жобалауға, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға бюджеттік кредит беру;

облыстардың, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарына

сыйақының (мүдденің)

нөлдік ставкасы бойынша салынатын 100 мектеп пен 100 аурухана қызметкерлері үшін тұрғын үйді жобалауға, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға бюджеттік

кредит беру

Қазақстан Республикасының

Үкіметі қаулысының

жобасы

ҚТКШІА, ЭДСМ,

Қаржымині

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2008-2010

жылдар

 

 

 

 

 

 

 

2008-2010

жылдар

 

 

 

 

 

 

 

 

25 млрд.теңге, оның

ішінде:

2008 жылы -7,9 млрд.

теңге;

2009 жылы -7,8 млрд.

теңге;

2010 жылы - 9,3 млрд.

теңге

 

24,8 млрд.теңге, оның

ішінде:

2008 жыл -8,3 млрд.

теңге;

2009 жыл -8,3 млрд.

теңге;

2010 жыл -8,2 млрд.

теңге

Республикалық бюджет

1.7.

Бюджеттік өтінімде

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының

жергілікті атқарушы

органдарына әкімдіктерде

кезекте тұрған азаматтар үшін мемлекеттік жалға берілетін үйлерді жобалауға, салуға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға нысаналы трансферттер

көздеу

Қазақстан Респу-

бликасының

Үкіметіне ақпарат

ҚТКШІА, Қаржымині,

ЭДСМ

2008-2010

жылдар

29,101 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 8,734 млрд. теңге; 2009 жылы - 9,6 млрд. теңге; 2010 жылы - 10,767 млрд. теңге

Республикалық бюджет

1.8.

Бюджеттік өтінімде

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының

жергілікті атқарушы

органдарына тұрғын үй құрылысы салынатын

аудандардың инженерлік-

коммуникациялық

инфрақұрылымын

жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алуға нысаналы

трансферттер көздеу

Қазақстан Респу-

бликасының

Үкіметіне ақпарат

ҚТКШІА, Қаржымині,

ЭДСМ

2008-2010

жылдар

90,487 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 29,905 млрд. теңге;

2009 жылы - 30,108 млрд.

теңге;

2010 жылы - 30,474 млрд.

теңге

Республикалық бюджет

1.9.

Бюджеттік өтінімде Астана

және Алматы қалаларының,

облыстардың жергілікті

атқарушы органдарына

инженерлік-коммуникациялық

инфрақұрылымды жобалауға,

қайта жаңартуға және жөндеуге арналған

нысаналы трансферттер

көздеу

Қазақстан Респу-

бликасының

Үкіметіне ақпарат

ҚТКШІА, Қаржымині,

ЭДСМ

2008-2010

жылдар

9,960 млрд. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 5,0 млрд. теңге; 2009 жылы - 4,960 млрд. теңге

 

Республикалық бюджет

1.10

Бюджеттік өтінімде Алматы

облысында Алматы қаласының 4 серіктес

қаласын дамыту жөнінде алдын ала жұмыстар

жүргізуге нысаналы

трансферттер көздеу

Қазақстан Респу-

бликасының

Үкіметіне ақпарат

ҚТКШІА, Қаржымині,

ЭДСМ

2008-2010

жылдар

6 млрд. 818 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 1 млрд. 026 млн. теңге; 2009 жылы - 2 млрд. 312 млн. теңге; 2010 жылы - 3 млрд. 480 млн. теңге

Республикалық бюджет

1.11

Бюджеттік өтінімде Ақмола

облысында Астана қаласының серіктес қаласы

ретінде Қосшы селосын дамыту жөнінде алдын ала

жұмыстар жүргізуге

нысаналы трансферттер

көздеу

Қазақстан Респу-

бликасының

Үкіметіне ақпарат

ҚТКШІА, Қаржымині,

ЭДСМ

2008-2010

жылдар

8 млрд. 872 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 633 млн. теңге;

2009 жылы - 3 млрд. 560 млн. теңге; 2010 жылы - 4 млрд. 679 млн. теңге

Республикалық бюджет

1.12

Жергілікті атқарушы

органдардың баллдық жүйені ескере отырып,

кредиттік қаражат есебінен

салынған тұрғын үйді сату

ережесін әзірлеу

Қазақстан Респу-

бликасының

Үкіметі қаулысының

жобасы

Қаржымині, ЭБЖМ, ИСМ, ҚИК (келісім

бойынша)

2008 жылғы III тоқсан

Шығыстар болжанбайды

 

1.12-1

«Жергілікті атқарушы Қазақстан органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині, ИСМ, ЭБЖМ, Әділетмині

2009 жылғы наурыз

 

 

1.13

Тұрғын үй құрылысының

2008-2010 жылдарға

арналған мемлекеттік

бағдарламасы шеңберінде

салынған тұрғын үйді сату туралы материалдарды

жергілікті атқарушы

органдардың интернет-ресурсында

орналастыру және мерзімді басылымда жариялау

ҚТКШІА-ға ақпарат

Облыстардың,

Астана және

Алматы қалала-

рының әкімдері

Жыл сайын

10 шілдеден және

10 қаңтардан

кешіктірмей

Шығыстар болжанбайды

 

2. Ипотекалық кредит беру жүйесін жетілдіру

2.1.

ҚР Үкіметінің 2008.30.07. № 722 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2.2.

ҚР Үкіметінің 2008.30.07. № 722 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2.3.

ҚР Үкіметінің 2008.30.07. № 722 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2.4.

Бюджеттік өтінімде

әкк жарғылық капиталын ұлғайтуға қаражат көздеу

Қазақстан Республикасының

Үкіметіне ақпарат

исм, эбжм, қаржымині

2008 жыл

2008 жылы 15 млрд. теңге

 

3. Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту

3.1.

ҚТҚЖБ-ның жарғылық

капиталын ұлғайту

Акциялардың эмиссиясын төлеу

 

ЭДСМ, Қаржымині,

«Самұрық-

Қазына» ҰӘҚ»

АҚ (келісім

бойынша),

ҚТҚЖБ (келісім

бойьшша)

2008 - 2010 жылдар

 

10 млрд. 300 млн. теңге, оның ішінде:

2008 жылы - 6 млрд. 600 млн. теңге;

 2009 жылы - 1 млрд. 900 млн. теңге;

2010 жылы - 1 млрд. 800 млн. теңге

Республикалық бюджет

3.2.

Республикалық бюджет есебінен бюджеттік кредит беру шарттарын айқындау

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының

жобасы

ЭДСМ, Қаржымині,

«Самұрық-

Қазына» ҰӘҚ»

АҚ (келісім

бойынша),

ҚТҚЖБ (келісім

бойынша)

2008 - 2010 жылдар

57 млрд. теңге, оның ішінде:

2008 жылы - 23 млрд. 560 млн. теңге;

2009 жылы - 18 млрд. 277 млн. теңге;

2010 жылы - 15 млрд. 163 млн. теңге

Республикалық бюджет

3.3

«ТҚЖБ» АҚ

және «ҚИК»

АҚ акцияла-

рының

мемлекеттік

пакеттерін

«Қазына»

ОДҚ» АҚ-ның

жарғылық

капиталын

төлеуге

беру мүм-

кіндігін қарау

Қазақс-

тан

Респуб-

ликасы-

ның

Үкіме-

тіне

ұсыныс

Қаржы-

мині

(жинақ-

тау),

ЭБЖМ,

ИСМ,

Әділет-

мині, ҰБ

(келісім

бойын-

ша), ҚҚА

(келісім

бойын-

ша),

«Қазына»

ОДҚ» АҚ

(келісім бойынша)

2008 жыл-

дың ІІ

жарты-

жылдығы

Шығыстар

болжан-

байды

 

 

4. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық-түсіндіруді қамтамасыз ету

4.1.

Тұрғын үй құрылысының

мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндірумен

мерзімді баспада мақалалар жариялау, теледидар мен радиода сөз сөйлеу

ҚТКШІА-ға ақпарат

ҚТКШІА, Қаржымині,

ЖРА, ҚИК (келісім

бойынша), ТҚЖБ

(келісім бойынша)

Жылсайын

10шілде-ден және

10қаңтардан

кешіктірмей

Шығыстар болжанбайды

 

4.2.

Республикалық бюджеттің кредиттік қаражаты есебінен

салынған тұрғын үйді халыққа сату ережесі бойынша БАҚ-та»«дөңгелек

үстелдер», семинарлар,

конференциялар және

түсіндірулер өткізу

ҚТКШІА-ға ақпарат

Қаржымині,облыс-

тардың, Астана

және Алматы

қалаларының

әкімдері

Жыл сайын

10 шілдеден және

10 қаңтардан

кешіктірмей

Шығыстар болжанбайды

 

4.3.

ИСМ-нің интернет-ресурсында ай

сайын Тұрғын үй

құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы

материалдар орналастыру

Қазақстан Респу-

бликасының

Үкіметіне ақпарат

ҚТКШІА

Жыл сайын

10 шілдеден және

10 қаңтардан

кешіктірмей

Шығыстар болжанбайды

 

 

Жиыны: Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасын қамтамасыз етуге арналған бюджет

қаражатының көлемі

 

 

2008-2010

жылдар

277,338 млрд. теңге,

оның ішінде:

2008 жылы -106,658 млрд.

теңге;

2009 жылы -86,817 млрд.

теңге;

2010 жылы -83,863 млрд.

теңге

Республикалық бюджет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

 

ИСМ

- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Қаржымині

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЭБЖМ

- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

ҚКА

- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі

Еңбекмині

- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЖРА

- Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

ҚИК

- «Қазақстандық ипотекалық компания» акционерлік қоғамы

ТҚЖБ

- «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» акционерлік қоғамы

ҚИККБҚ

- «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы.

ҚТКШІА

- Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

ЭДСМ

- Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

- «Самұрық-Қазына» ұлттық эл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции