Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 19 МАУСЫМДАҒЫ № 836 ҚАУЛЫСЫ

Осы редакция 2009 жылғы 19 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 20.01.03 ж. № 55 қаулысымен (бұр. ред. қара); 17.03.04 ж. № 322 қаулысымен (бұр. ред. қара) қаулысымен ;ҚР Үкіметінің 2007.19.12 № 1242 Қаулысымен  (2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) ереже жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2001 жылғы 19 маусымдағы

№ 836 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға
квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің
шарттары мен тәртібі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі (бұдан әрі - Ереже) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеудің және бөлудің тәртібін, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібін белгілейді.

2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) шетелдік жұмыс күші (шетелдік қызметкерлер) - Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

2) жұмыс беруші - қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

3) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) - осы Ереженің 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган жұмыс берушіге орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасына шетелдік қызметкерді бір жұмыс жылынан аспайтын мерзімге тартуға беретін 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құжат;

4) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота (бұдан әрі - квота) - республиканың экономикалық белсенді халқының санына шаққандағы процентпен алынған шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін үлесі;

5) бос жұмыс орны - жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызмет);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку