Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.07.02 Ж. № 833 ҚАУЛЫСЫ

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен)
мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың
кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 26 шілдедегі № 833 қаулысы

(2007.08.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 29 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2005.21.04.  № 372 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы, ерекше бөлiмдер), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiне, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегi шаралар туралы» 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268;  2005.21.04.  № 372  (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн.

3. ҚР Үкіметінің 2005.21.04.  № 372 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi № 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку