(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 28.06.02 Ж. № 703 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне өзгерістер
енгізу және кейбір шешiмдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы
№ 703 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.08.04 ж. № 846 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 28 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешімдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Үкіметінің 2002 жылғы
28 маусымдағы № 703
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметiнің
кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 12.08.04 ж. № 846 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. "Судьяларды және олардың мүлкiн міндеттi мемлекеттік сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртібі мен шарттары туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 19 наурыздағы № 365 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 13, 90-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Судьяларды және олардың мүлкiн міндеттi мемлекеттік сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсету мен санаторий-курорттық емдеудiң тәртібi мен шарттары туралы ережеде:
7-тармақта "медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиясымен (МӘСК)" деген сөздер "халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа