(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 28.06.02 Ж. № 703 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне өзгерiстер
енгiзу және кейбiр шешiмдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы
N 703 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 846 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешімдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы
28 маусымдағы N 703
қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметiнің
кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер
1. "Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктің барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 17 наурыздағы N 201 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 8, 97-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек міндетін атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктің барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуi жөніндегi ережеде:
3-тармақта "8" деген сан "14" деген санмен ауыстырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа