Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 03.12.04 Ж. № 1254 ҚАУЛЫСЫ

Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн есепке алу-бақылау
таңбаларымен таңбалау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254 қаулысы

(2007.11.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 28 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2005.23.05.  № 495 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)

"Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесi бекітілсiн.

2. 2004 жылғы 10 желтоқсаннан бастап осы қаулыға қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн (бұдан әрi - алкоголь өнiмi) есепке алу-бақылау таңбаларымен мiндетті түрде таңбалау енгiзiлсiн.

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 Қаулысымен 2-1 тармақпен  толықтырылды

2-1. 2007 жылғы 15 сәуірден бастап алкогольдік өнімді жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгізілсін.

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 Қаулысымен 2-2 тармақпен  толықтырылды

2-2. Ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау 2007 жылғы 1 маусымға дейін жүргізіледі.

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы № 177 Қаулысымен  3  тармақ жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

3. Алкоголь өнімін өндірушілер мен импорттаушылар, алкоголь өнімін сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ банкроттың мүлкін (активтерін) сататын конкурстық басқарушылар отандық және импорттық өндірістің алкоголь өнімін ескі үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен сатуды 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырады деп белгіленсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку