(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 03.12.04 Ж. № 1254 ҚАУЛЫСЫ
Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн есепке алу-бақылау
таңбаларымен таңбалау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1254 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 495 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына және "Есепке алу-бақылау таңбаларын пайдаланып алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын бақылау жүйесiн енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 27 тамыздағы № 874 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесi бекітілсiн.
2. 2004 жылғы 10 желтоқсаннан бастап осы қаулыға қосымшаға сәйкес тiзбе бойынша шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн (бұдан әрi - алкоголь өнiмi) есепке алу-бақылау таңбаларымен мiндетті түрде таңбалау енгiзiлсiн.
3. Отандық және импорттық өндiрiстiң алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен сатуды:
1) алкоголь өнiмiн өндiрушiлер мен импорттаушылар - 2004 жылғы 10 желтоқсаннан бастап;
2) алкоголь өнiмiн сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар - 2005 жылғы 10 наурыздан бастап жүзеге асырады деп белгіленсiн.
4. Алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды алкоголь өнiмiн отандық өндiрушiлер мен импорттаушылар жүзеге асырады деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi:
1) импортталатын алкоголь өнiмi бойынша келісім-шарттардың есебiн міндеттi түрде жүргiзе отырып, алкоголь өнiмiн өндiрушілер мен импорттаушылардан есепке алу-бақылау таңбаларын сатып алуға өтiнiмдер жинауды қамтамасыз етсiн;
Редакция документа
Демо – версия документа