(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 15.12.04 Ж. № 1327 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет
көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327 Қаулысы
(2006.22.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 12 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен тақырыбында және мәтінде «медициналық қызметтің сапасын бақылау» деген сөздер «медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комитет туралы ереже;
2) Комитеттiң құрылымы бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Комитеттің төрағасына бір орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.
4. Қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттік мекемелерi құрылсын.
5. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiктi Комитетке бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Комитеттiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
Редакция документа
Демо – версия документа