(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 15.12.04 Ж. № 1327 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық
қызметтің сапасын бақылау комитетiнiң мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327
Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 27 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комитет туралы ереже;
2) Комитеттiң құрылымы бекітілсiн.
3. Комитеттің төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат берiлсiн.
4. Қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттік мекемелерi құрылсын.
5. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiктi Комитетке бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Комитеттiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 9-66-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында:
Редакция документа
Демо – версия документа