(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 12.12.02 Ж. № 1304 ҚАУЛЫСЫ
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) қазақстандық бөлiгі
туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 18 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықаралық шарттарды iске асыру, Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) қазақстандық бөлiгi туралы ереже бекітілсiн.
2. «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі Үкiметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 18 қаңтардағы № 62 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 3, 38-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Yкіметінiң
2002 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1304 қаулысымен
бекітілген
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бiрлескен
үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердің)
қазақстандық бөлiгi туралы ереже
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кeңестердің) қазақстандық бөлiгi (бұдан әрi - комиссиялардың қазақстандық бөлiгi) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарына сәйкес құрылады.
1. Негiзгi мiндеттерi
1. Комиссияның қазақстандық бөлiгi халықаралық шарттарды iске асыру, халықаралық екi жақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
2. Комиссияның қазақстандық бөлiгi өз құзыретiнiң шегiнде заңнамада белгіленген тәртiппен:
Редакция документа
Демо – версия документа