Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 ж. 18 қаңтардағы № 62 Қаулысы (ҚР Үкіметінің 29.05.02 ж. № 594 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі Үкiметаралық комиссиялар
(комитеттер, кеңестер) туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1995 ж. 18 қаңтардағы № 62 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.05.02 ж.
№ 594 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.12.02 ж. № 1304 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды

ҚРМК-нiң 17.07.95 ж. № 986; 17.11.95 ж. № 1562 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚРҮ-нiң 07.08.96 ж. № 980; 27.01.97 ж. № 114 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

ҚР Үкіметінің 29.05.02 ж. № 594 қаулысымен 1-тармақтын күші жойылды

Халықаралық шарттар мен келісімдердi жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын дамытуды үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) Қазақстан жағының бөлiгi құрылсын және олардың төрағалары болып мыналар бекітілсiн:

сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-австралия комиссиясына- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi С.Ш.Ақымбеков;

экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-британ комиссиясына - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары В.В.Соболев;

сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және өнеркәсiп ынтымақтастығы жөніндегі Қазақстан-үндi комиссиясына - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi В.Н.Девятко;

экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-испан комиссиясына - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары - Кәрiбжанов Ж.С.;

сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-венгр комиссиясына - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi - Ю.И.Лавриненко;

мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-үндi комиссиясына - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi Т.А.Мамашев;

экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Жапония комитетiне - Қазақстан Республикасының Экономика министрi Ө.Е.Шөкеев;

экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия кеңесiне - Қазақстан Республикасының Экономика министрi Д.Т.Дүйсенов;

сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-таиланд комиссиясына - Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрi В.С.Школьник.

сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-түрiк комиссиясына - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары Ж.С. Кәрiбжанов;

экономикалық және техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Индонезия комиссиясына - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң министрi Н.Ө. Балғымбаев.

2. Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық комиссиясының (комитетiнiң, кеңесiнiң) қазақстандық бөлiгi туралы Ереже бекітілсiн.

3. Үкiметаралық комиссиясының (комитетiнiң, кеңесiнiң) қазақстандық бөлiгiнiң төрағасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi деп белгiленсiн.

4. Үкiметаралық комиссияның (комитетiнiң, кеңесiнiң) қазақстандық бөлiгiнiң төрағасына, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiмен келiсу бойынша, оның дербес құрамын жасақтауға, өзгерістер енгізуге, сондай-ақ онда жұмыс iстеу үшiн республиканың мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының өкiлдерiн тартуға құқық берiледi.

5. Үкiметаралық комиссиясының (комитетiнiң, кеңесiнiң) қазақстандық бөлiгiнiң төрағаларына атқарылған жұмыс туралы жылына кем дегенде бiр рет Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне хабарлап тұру тапсырылады.

6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қосымшаға сәйкес қаулыларының күшi жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
 

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1995 жылғы 18 қаңтардағы

№ 62 қаулысымен

бекітілген

Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық

комиссияның (комитетiнiң,кеңесiнiң) қазақстандық бөлiгi туралы

ЕРЕЖЕ

Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық комиссиясының (комитетiнiң, кеңесiнiң) қазақстандық бөлiгi (бұдан әрi - комиссияның қазақстандық бөлiгi) Қазақстан Республикасы жасаған мемлекетаралық және үкiметаралық келісімдерге сәйкес құрылады.

1. Негiзгi мiндетi мен жұмыс бағыты

Комиссияның қазақстандық бөлiгi екi ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi.

Осы мақсатпен өз құзыретi шегiнде:

екi ел арасындағы екiжақты келісімдер мен уағдаластықтарды талдайды, бақылауды қамтамасыз етедi және олардың орындалуына жәрдемдеседi;

республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрге әр түрлi бағыттар бойынша екiжақты ынтымақтастықты одан әрi дамытуға бағытталған келісімдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;

екi елдiң әлеуметтi мүмкiндiгiне қарай өзара пайдалы ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының үкіметіне, тиiстi министрлiктерi мен ведомстволарына ұсыныстар енгiзедi;

екi елдiң кәсiпорындары мен ұйымдары арасында тiкелей байланыстар орнату мен дамытуға жәрдемдеседi;

аса маңызды бiрлескен жобалар бойынша тараптардың ұсыныстарын талқылайды, олардың iске асырылуына ықпал етедi;

Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк инвестицияларды тартуға ықпал етедi, мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып олар тиiмдi пайдалану жөнiнде үкiметке ұсыныстар енгiзедi;

екi жақты ынтымақтастықтың барысында туындаған проблемаларды шешудi қамтамасыз етедi, үкiметтiң шешуiн талап ететiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзедi.

Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң төрағасы жылына кемiнде бiр рет атқарылған жұмыс туралы Министрлер Кабинетiне хабарлама жасайды.

Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң жұмысын үйлестiру мен оған бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс басқармасының Сыртқы байланыстыр және ТМД iстерi жөніндегі бөлiмдерi жүзеге асырады.

2. Құрылу және жұмыс тәртібі

Комиссияның қазақстандық бөлiгiн құру және оның төрағасын бекіту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қабылдайды.

Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң төрағасына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің келiсуi бойынша, комиссияның қазақстандық бөлiгi төрағасының орынбасары мен жауапты хатшысын тағайындауға, оның дербес құрамын жақсартуға, өзгерістер енгізуге, сондай-ақ онда жұмыс iстеу үшiн республика министрлiктерi мен ведомстволарының өкiлдерiн тартуға құқық берiледi.

Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң құрамына, әдетте, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Экономика министрлігінiң, Өнеркәсiп және сауда министрлігінiң, Сыртқы iстер министрлігінiң, бiрлескен комиссия құрылған елдегi Қазақстан Республикасы шетелдiк мекемелерiнiң (елшiлiктердiң, сауда өкiлдерiнiң) өкiлдерi, сондай-ақ республиканың басқа да мүдделi министрлiктерi мен ведомстволарының өкiлдерi кiредi.

Қажет болған жағдайда, тараптардың келiсуi бойынша, олардың мiндетi мен қызмет ету мерзiмi белгiленiп, үкiметаралық комиссияның нақтылы проблемалары жөніндегі жұмыс топтары құрылуы мүмкiн.

Жұмыс топтары үкiметаралық комиссиясының немесе оның тең төрағаларының шешiмдерiне сәйкес жұмыс жүргiзедi, оларды өз қызметi жайында хабардар етiп отырады және оның мәжілісiнде қарау үшiн қажеттi материалдарды дайындайды.

Үкiметаралық комиссияның мәжілісiнде оның өз құзыретi шегiнде қабылданған шешiмдер хаттамамен ресiмделедi де ол екi бөлiктiң төрағалары оған қол қойған сәттен бастап күшiне енедi.

Үкiметтерiнiң немесе олардың құзыреттi органдарының тiптi бiр жағының келісімi қажет болатын мәселелер жөніндегі үкiметаралық комиссияның шешiмдерi белгiленген тәртiппен келісілгенен кейiн күшiне енедi, бұл туралы тараптар бiрiне бiрi хабардар етедi.

Мәжілістер аралығындағы кезеңде, қажет болған жағдайда, үкiметаралық комиссияның екi бөлiгiнiң төрағалары, өзара келiсу бойынша, жекеленген мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдай алады. Мұндай жағдайда осы шешiмдер үкiметаралық комиссияның кезектi мәжілісiнiң хаттамасына енгiзiледi.

Үкiметаралық комиссия мәжілісiнiң хаттамасы орыс тілінде және комиссия бiрлесе құрылған елдiк тілінде жазылады.

Үкiметаралық комиссияның мәжілісi хаттамаларының көшiрмелерi әрбiр мәжілістен кейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне түсiрiледi.

3. Мәжілістер өткізу тәртібі

Үкiметаралық комиссияның мәжілістерi қажеттiгiне қарай, бiрақ жылына кем дегенде бiр рет өткiзiледi.

Тараптар күнi бұрын,бiрақ мәжіліске дейiн бiр айдан кешiктiрмей, оны өткiзетiн уақыты, күн тәртібі туралы уағдаласады және талқыланбақ мәселелер жөнiнде қажеттi ақпаратпен алмасады.

Мәжіліс хаттамаларын ресiмдеу үкiметаралық комиссияның жауапты хатшысына жүктеледi.

4. Қызметiн қаржыландыру

Үкiметаралық комиссияның қызметiн қаржыландыру шарттары мен тәртібі әрбiр елдiң үкiметтерiмен келiсу жөніндегі оның бiрлескен мәжілісiнде бекітіледi.

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1995 жылғы 18 қаңтардағы

№ 62 қаулысына

Қосымша

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің

күшiн жойған қаулыларының

ТIЗБЕСI

1. "Сауда экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсiп және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық қазақ-үндi бiрлескен комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 26 қарашадағы № 993 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 47, 688-689-баптар).

2. "Сауда экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық қазақ-қытай комиссиясын құру мәселелерi" атты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 10 желтоқсандағы № 1041 қаулысы.

3. "Мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақ-үндi үкiметаралық бiрлескен комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 сәуірдегі № 304 қаулысы.

4. "Үкiметаралық қазақ-американ сауда-экономикалық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 27 маусымдағы № 535 қаулысын.

5. "Сауда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық қазақ-венгр комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 шiлдедегi № 573 қаулысы.

6. "Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Жапония комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 тамыздағы № 714 қаулысы.

7. "Үкiметаралық Қазақстан-түрiк бiрлескен экономикалық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 24 қыркүйектегi № 949 қаулысы.

8. "Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-таиланд үкiметаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 қазандағы № 990 қаулысы.

9. "Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкiметаралық Қазақстан-австралия бiрлескен комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 қазандағы № 994 қаулысы.

10. "Үкiметаралық комиссиялардың Қазақстан жағын қалыптастыру және олардың құрамына өзгертулер енгізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 наурыздағы № 307 қаулысы.

11. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 тамыздағы № 714 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 сәуірдегі № 327 қаулысы.

12. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 шiлдедегi № 573 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 мамырдағы № 554 қаулысы.








































Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку