(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1997 Ж. 5 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 195-1 ЗАҢЫ
Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195-1 Заңы
(2007.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 22 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
I-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2-тарау. Адвокаттың мәртебесі (7 - 18 баптар)
3-тарау. Адвокаттық қызметті ұйымдастыру (19 - 33 баптар)
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (34 - бап)
1-бап. Адвокатураның мақсаты
1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және біліктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.
2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөніндегі адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.
2-бап. Адвокаттық қызмет туралы заңдар
1. Адвокаттық қызмет туралы заңдар осы Заңнан және адвокаттық қызметтi реттейтiн өзге де заңдардан тұрады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың iстерi бойынша қорғау мен өкiлдiк етудi жүзеге асырған кездегi адвокаттардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленедi.
Редакция документа
Демо – версия документа