(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.05.03. № 214 ҚАУЛЫСЫ
“Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық
бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 Қаулысы
(2007.04.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 18 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкiметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілiп отырған республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерi бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 5 наурыздағы
№ 214 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына
ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерi
штат санының лимиттерi
ҚР Үкіметінің 2005.29.12. № 1305 қаулысымен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.09.01. № 28; 2006.26.01. № 52; 2006.01.03. № 142; 2006.02.05. № 353 (бұр.ред.қара); 2006.27.06. № 586 (бұр.ред.қара); 2006.19.07. № 692 (бұр.ред.қара); 2006.25.08. № 811; 2006.29.12. № 1324 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.05.01. № 1 ; 2007.26.01. № 60 (бұр.ред.қара); 2007.30.01. № 72; 2007.07.02. № 88; 2007.07.02. № 89 (бұр. ред. қара); 2007.13.02. № 105 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара.); 2007.14.02. № 109 ; 2007.14.02. № 110 ; 2007.04.04. № 268 (бұр.ред.қара) қаулыларымен өзгертілді
____________________________________________________________________
Редакция документа
Демо – версия документа