Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 110 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 110 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген 3-бөлімде:

«Ө. Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернаты 104» деген жолда «104» деген цифрлар «109» деген цифрлармен ауыстырылсын;

«Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат 120» деген жолда «120» деген цифрлар «121» деген цифрлармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку