«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығы (2024.02.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы
(2024.02.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2019.05.10. № 182 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2024.19.08. № 626 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
ҚР Президентінің 2019.05.10. № 182 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2006 жылғы мамырдың 25-сі.
№ 124
ҚР Президентінің 2013.21.06. № 585 Жарлығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 25 мамырдағы
№ 124 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен
әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2024.19.08. № 626 Жарлығымен (2024 ж. 2 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскерге шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру тәртібін айқындайды.
Демо – версия документа