Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНДЕ, БАСҚА ...

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы

(2017.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы мамырдың 25-сі.

 

№ 124

ҚР Президентінің 2013.21.06. № 585 Жарлығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы 25 мамырдағы

№ 124 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен

әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру

ҚАҒИДАЛАРЫ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткерудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскерге шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру тәртібін айқындайды.

Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері әскери қызметті «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заң) көзделген ерекшеліктерді ескере отырып өткереді.

ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку