(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2003 Ж. 19 НАУРЫЗДАҒЫ № 1042 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі
комиссия туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 ж. 19 наурыздағы № 1042 Жарлығы
(ҚР Президентінің 30.03.04 ж. № 1325; 2005.30.05. № 1582
Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 30 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қoca берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссия туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамы бекiтілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3470 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 16, 128-құжат; 1998 ж., № 17, 147-құжат; 2000 ж., № 17, 167-құжат; 2001 ж., № 36-37, 463-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Президентінің
2003 жылғы 19 наурыздағы
№ 1042 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы
Адам құқықтары жөніндегi комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
30.03.04 ж. № 1325 ҚР Президентінің Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепілдiк берiлетiн адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретіндегі өзiнiң конституциялық өкілеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа