Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3470 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөніндегі
комиссия туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
1997 жылғы 22 сәуірдегі № 3470 Жарлығы
ҚР Президентінің 2003 ж. 19 наурыздағы № 1042 Жарлығымен осы Жарлықтың күші жойылды
Қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия туралы ереже (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның құрамы (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн.
3. "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы № 3009 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 26, 212-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1997 жылғы 22 сәуірдегі
№ 3470 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
Адам құқығы жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия (бұдан былай - Комиссия) Мемлекет басшысының жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Комиссия қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы жүзеге асырады.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтарының кепiлi ретіндегі өзiнiң конституциялық мәртебесiн iске асыруына;
2) адамның және азаматтың құқығы мен бостандықтарының қамтамасыз етiлуi мен қорғалуы тетiгiн жетiлдiруге жәрдемдесу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституция мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының өкiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
4. Комиссияның құзыретi:
Документ утратил силу
Демо – версия документа