(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 12 АҚПАНДАҒЫ № 171 ҚАУЛЫСЫ
2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын iске
асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы № 171 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.25.03 № 265 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 30 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекітілсiн.
2. Орталық атқарушы органдар:
1) Iс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
ҚР Үкіметінің 2005.25.03 № 265 Қаулысымен 2 ) тармақша өзгертілді (Бұр. ред. қара)
2) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 шiлдеге және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасының Мәдениет ақпарат және спорт министрлігіне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларына бiр ай мерзiмде мәдени мұраны сақтау жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу ұсынылсын.
ҚР Үкіметінің 2005.25.03 № 265 Қаулысымен 4 тармақ өзгертілді (Бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет ақпарат және спорт министрлігі жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
5. ҚР Үкіметінің 2005.25.03 № 265 Қаулысымен алып тасталды (Бұр. ред. қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 125 қаңтардағы № 171 қаулысымен
бекітілген
2004-2006 жылдарға арналған
"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын
Редакция документа
Демо – версия документа