(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 12 АҚПАНДАҒЫ № 171 ҚАУЛЫСЫ
2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын iске
асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы № 171 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 25 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекітілсiн.
2. Орталық атқарушы органдар:
1) Iс-шаралар жоспарын iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) жарты жылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша 10 шiлдеге және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларына бiр ай мерзiмде мәдени мұраны сақтау жөніндегі өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу ұсынылсын. 4. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі жыл сайын 20 шiлдеге және 20 қаңтарға Iс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
5. Осы қаулының орындалу барысын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары Г.А.Марченкоға жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 125 қаңтардағы № 171 қаулысымен
бекітілген
2004-2006 жылдарға арналған
"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Редакция документа
Демо – версия документа