Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қазандағы № 294-ө Өкімі (2009.08.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қазандағы № 294-ө Өкімі

(2009.08.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңын (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында:

1. Қоса берiлiп отырған Заңды iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп, тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобасын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгiзсiн.

3. Жергiлiктi атқарушы органдар екi ай мерзiмде Заңды iске асыру үшiн тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсiн.

 

Премьер-Министр

Д. Ахметов

 

ҚР Премьер-Министрінің 2006.25.04. № 107-ө (бұр.ред.қара); 2007.30.05. № 145-ө (бұр.ред.қара); 2009.08.05. № 63-ө (бұр.ред.қара)  Өкідерімен тізбе өзгертілді

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2005 жылғы 17 қазандағы

№ 294-ө өкімімен

бекітілген

 

 

"Агроөнеркәсіптік кешендi және ауылдық

аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы"

Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру

мақсатында қабылдануы қажет нормативтік

құқықтық кесiмдердiң тiзбесi

 

P/c

Нормативтік құқықтық кесiмнiң атауы

Кесiмнің нысаны

Орындалу мерзімi

Орындалуына жауапты

1

2

3

4

5

1

Ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан

Республикасы

Үкiметінiң

қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

АШМ (жинақтау), ИСМ, Қаржыминi

2

Ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн, сондай-ақ олардың сыйақысы мөлшерiн бекіту туралы

Қазақстан

Республикасы

Үкiметінiң

қаулысы

2006 жылғы қыркүйек

АШМ

3

Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң мемлекеттік ресурстарының көлемін, құрылымын, оларды қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан

Республикасы

Үкiметінiң

қаулысы

2006 жылғы қараша

АШМ

4

Агроөнеркәсiптiк кешендi атаулы субсидиялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан

Республикасы

Үкiметінiң

қаулысы

2006 жылғы наурыз

АШМ

5

Мамандандырылған ұйымдарды қатыстырып, агроөнеркәсіптік кешендi қолдаудың тәртібін айқындау туралы

Қазақстан

Республикасы

Үкiметінiң

қаулысы

2006 жылғы мамыр

АШМ

6

Ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң тәртібі мен мерзiмiн бекіту туралы

Қазақстан

Республикасы

Үкiметінiң

қаулысы

2006 жылғы желтоқсан

СА (жинақтау), АШМ

7

Ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын бекіту туралы

Қазақстан

Республикасы

Үкiметінiң

қаулысы

2013 жылғы маусым

АШМ (жинақтау), ЭБЖМ, Еңбекмині, облыс әкімдері

8

Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасын бекіту туралы

Агроөнер-

кәсiптiк

кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті органның бұйрығы

2006 жылғы қыркүйек

АШМ

9

Агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiне өтеусiз негiзде берілетiн ақпарат пен қызметтердiң тізбесiн бекіту туралы

Агроөнер-

кәсiптiк

кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті органның бұйрығы

2006 жылғы наурыз

АШМ

10. ҚР Премьер-Министрінің 2006.25.04. № 107-ө Өкімімен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11

"Ауыл шаруашылық жан-

уарларын бiрдейлендiру

туралы" Қазақстан Рес-

публикасы Ауыл шаруа-

шылығы министрінің

2003 жылғы 2 сәуірдегі

№ 164 бұйрығымен бекi-

тілген Ауыл шаруашылық

жануарларын бiрдейлен-

дiрудi жүргiзу ереже-

сiне өзгерістер мен

толықтырулар енгізу

туралы

Агроөнер-

кәсiптiк

кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті органның бұйрығы

2006 жылғы наурыз

АШМ

12

Ауылдық елдi мекендi әлеуметтiк және инженерлiк жайластыру нормативтерiн бекіту туралы

Уәкiлеттi мемлекеттік органдардың бұйрықтары

2007 жылғы маусым

АШМ (жинақтау), ДСМ, Еңбекминi, БҒM, MACM, ЭМРМ, ИСМ

13

Ауыл шаруашылығы өнiміне алдыңғы күнтiзбелік жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық бағаны белгілеу әдiстемесi

Агроөнер-

кәсiптiк

кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті органның бұйрығы

2006 жылғы желтоқсан

АШМ

14

Сатып алынатын және сатылатын ауыл шаруашылығы өнiмiне тiркелген бағалар деңгейiн бекіту туралы

Агроөнер-

кәсiптiк

кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті органның бұйрығы

2007 жылғы наурыз

АШМ

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi

ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі

Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгі

ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі

АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции