(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ 2005.17.10 № 294-Ө ӨКІМІ
«Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қазандағы № 294-ө Өкімі
(2007.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 8 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңын (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында:
1. Қоса берiлiп отырған Заңды iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп, тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобасын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгiзсiн.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар екi ай мерзiмде Заңды iске асыру үшiн тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсiн.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |
Премьер-Министрінің
2005 жылғы 17 қазандағы
№ 294-ө өкімімен
Бекiтiлген
ҚР Премьер-Министрінің 2006.25.04. № 107-ө (бұр.ред.қара); 2007.30.05. № 145-ө (бұр.ред.қара) Өкідерімен тізбе өзгертілді
"Агроөнеркәсіптік кешендi және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық кесiмдердiң тiзбесi
P/c № | Нормативтік құқықтық кесiмнiң атауы | Кесiмнің нысаны | Орындалу мерзімi | Орындалуына жауапты |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкiметінiң қаулысы | 2006 жылғы қыркүйек | АШМ (жинақтау), ИСМ, Қаржыминi |
Редакция документа
Демо – версия документа