«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәселелері«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1611 Жарлығы (2023.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мәселелері
(2023.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. ҚР Президентінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 698 Жарлығымен алып тасталды (қолданысқа енү тәртібін қара) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Президентінің 2023.31.07. № 290 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Президентінің 2015.29.12. № 152 Жарлығымен күші жойылды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 12 қарашадағы № 4142 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 40, 362-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті | Н.Ә.Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2005 жылғы шілдеденің 8-і.
№ 1611
Президентінің
2005 жылғы 8 шілдедегі
№ 1611 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Академия "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы № 1583 Жарлығымен құрылды.
Демо – версия документа