Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРТІНІҢ 29.09.04 Ж. № 287-Ө ӨКІМІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегi
№ 1449 Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 287-ө Өкімі

Осы редакция 2005 ж. 28 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын (бұдан әрі Жарлық) iске асыру мақсатында:

1. Таратылатын, қайта құрылатын және қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес тарату және қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргізудi қамтамасыз етсiн;

2004 жылғы 5 қазанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының әкiмшiлiк реформасын iске асыру мәселелерi жөніндегі заңнамалық кесiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне енгiзсiн.

2. Мынадай:

1-қосымшаға сәйкес құрамда орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының ережелерiн әзiрлеу мәселелерi;

2-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының әкімшілiк реформасын iске асыру мәселелерi бойынша заңнамалық кесiмдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

3-қосымшаға сәйкес құрамда мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі жұмыс топтары құрылсын.

3. Осы өкiмнiң 2-тармағында көрсетiлген жұмыс топтарының басшылары:

2004 жылғы 5 қазанға дейiнгi мерзiмде тиiстi мемлекеттік органдар ережелерінің жобаларын қарасын және келiссiн;

2004 жылғы 20 қазанға дейiнгi мерзiмде мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсiн;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку