(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 16 ШІЛДЕДЕГІ № 959 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды
макроэкономикалық көрсеткiштерінің қысқа мерзiмдi болжамдары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 шілдедегі № 959 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 4 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық қызметтiң түрлерi бойынша өндiрiстiң және қызмет көрсетулердiң тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Көлiк және коммуникациялар, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) өздерiнiң құзыретi шегiнде есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 5-күнiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштердiң қысқа мерзiмдi болжамын (қосымшаға сәйкес), сондай-ақ өндiрiстiң және бағалардың даму үрдiсi көрсетiлген түсiндiрме жазба ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгi есептi тоқсаннан кейiнгi бiрiншi айдың 30-күнiне Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштер бойынша статистикалық деректер ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі:
Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнің қысқа мерзiмдi болжамдарын қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;
Редакция документа
Демо – версия документа