Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды

макроэкономикалық көрсеткiштерінің қысқа мерзiмдi болжамдары

туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001

жылғы 16 шілдедегі N 959 қаулысы

Осы редакция 2003 ж. 26 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасында экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық қызметтiң түрлерi бойынша өндiрiстiң және қызмет көрсетулердiң тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы, Мемлекеттiк кiрiс, Энергетика және минералдық ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Көлiк және коммуникациялар, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша) өздерiнiң құзыретi шегiнде есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 1-күнiне Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштердiң қысқа мерзiмдi болжамын (қосымшаға сәйкес), сондай-ақ өндiрiстiң және бағалардың даму үрдiсi көрсетiлген түсiндiрме жазба ұсынсын.

2. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi есептi тоқсаннан кейiнгi бiрiншi айдың 25-күнiне Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштер бойынша статистикалық деректер ұсынсын.

 3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі:

Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнің қысқа мерзiмдi болжамдарын қалыптастыруды қамтамасыз етсiн;

есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің қысқа мерзімді болжамын ұсынсын және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті ресми хабарды жария етуді қамтамасыз етсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку