Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(Б?РЫН?Ы РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.07.02 Ж. № 833 ҚАУЛЫСЫ

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен)
мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың
кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 26 шілдедегі № 833 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268;24.06.04 ж. № 695 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 10 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы, ерекше бөлiмдер), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiне, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекітілсiн.

ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетi республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн.

3. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қарашадағы № 1508 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi туралы ережедегi:

13-тармақ мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:

"20) жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.".

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку