(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) АНЫҚТАМА ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 24.10.01 Ж. № 713 ЖАРЛЫҒЫ
Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi
ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi
жөнiндегі мемлекеттік комиссия туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2001 ж. 24 қазандағы № 713 Жарлығы
(ҚР Президентінің 16.12.01 ж. № 749; 09.02.02 ж. № 804; 14.11.02 ж.
№ 972; 04.08.03 ж. № 1159 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Президентінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 1519 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 09.02.02 ж. № 804 Жарлығымен тақырыбы және кіріспесі өзгерді
Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды талдап жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
ҚР Президентінің 09.02.02 ж. № 804 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылсын.
ҚР Президентінің 09.02.02 ж. № 804 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөніндегi мемлекеттік комиссия туралы ереже бекітiлсiн.
ҚР Президентінің 09.02.02 ж. № 804 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Президентінің 14.11.02 ж. № 972 Жарлығымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі мемлекеттік комиссия 2002 жылғы 1 желтоқсанға дейiн мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру тұжырымдамасын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
4. Осы Жарлықтың iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Президентінің 2001 жылғы
24 қазандағы № 713 Жарлығына
қосымша
Редакция документа
Демо – версия документа