Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 713 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 9 ақпандағы № 804 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы
24 қазандағы № 713 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 9 ақпандағы
№ 804 Жарлығы
ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегі мемлекеттік комиссия туралы" 2001 жылғы 24 қазандағы № 713 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі мемлекеттік комиссия туралы";
кiрiспедегі "Мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру" деген сөздер "Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату" деген сөздермен ауыстырылсын;
1 және 2-тармақтардағы "Мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар" деген сөздер "Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөнiндегі мемлекеттік комиссия 2002 жылғы 1 сәуiрге дейiн мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру тұжырымдамасын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.";
жоғарыда аталған Жарлыққа қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар мәселелерi жөнiндегі мемлекеттік комиссия туралы ереженiң:
тақырыбындағы және 1-тармағындағы:
"Мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынастар" деген сөздер "Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттіктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру" деген сөздермен ауыстырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа