(СТАРАЯ РЕДАКЦИЯ) ҚР КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ АГЕНТТІГІ ..20.05.03 Ж. № 219 БҰЙРЫҒЫ
Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау туралы Қазақстан Республикасы
Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 ж. 20 мамырдағы № 219 бұйрығы
(ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 01.12.03 ж. № 537;
10.06.04 ж. № 261; 30.07.04 ж. № 328 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 6 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 264, 363, 376, 378, 379 және 382-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Тауарларды декларациялау ережесі;
2) Кеден операцияларының басқа кеден органының қызмет аймағында жасалғандығы туралы хабарламаны тіркеу ережесі және оның нысаны;
3) Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртіппен өткізу кезінде жолаушылардың кеден декларациясын ресімдеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (А.А.Қоңлыбаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының
2003 жылғы 20 мамырдағы
№ 219 бұйрығымен
бекітілген
Тауарларды декларациялау ережесі
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа