Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Кеден операцияларының басқа кеден органының қызмет аймағында жасалғандығы туралы хабарламаны тіркеу ережесі және оның нысаны (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 ж. 20 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2005.12.08. № 302 бұйрығымен   күші жойылды

 

"Тауарлар мен көлік құралдарын

декларациялау туралы"

Қазақстан Республикасының

Кедендік бақылау агенттігі

төрағасының

2003 жылғы 20 мамырдағы

№ 219 бұйрығымен

бекітілген

Кеден операцияларының басқа кеден органының
қызмет аймағында жасалғандығы туралы хабарламаны
тіркеу ережесі және оның нысаны

1. Осы Кеден операцияларының басқа кеден органының қызмет аймағында жасалғандығы туралы хабарламаны тіркеу ережесі және оның нысаны Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 363-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды алушы, жөнелтуші, не олардың құрылымдық бөлімшесі тіркелген басқа кеден органы қызметінің аймағынан тыс кеден операцияларының жасалғандығы туралы хабарламаның (бұдан әрі хабарлама) нысаны мен оны тіркеудің тәртібін айқындайды.

2. Тауарларды алушы немесе жөнелтуші, не олардың құрылымдық бөлімшесі тіркелген кеден органының қызмет аймағынан тыс тауарларды негізгі кедендік ресімдеуді жүзеге асыру кезінде декларант басқа кеден органының қызмет аймағында кедендік ресімдеу жасауға арналған белгіленген нысандағы (1-қосымша) хабарламаны екі данада кеден органына береді.

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2005 ж. 23 мамырдағы № 199 бұйрығымен 3 тармақ  өзгертілді  

3. Хабарламаны тікелей аумақтық кеден органы, кеден бекетінің (бұдан әрі - кеден органы) лауазымды адамы белгіленген нысандардағы хабарламаларды тіркеу және бақылау журналдарына (2, 3-қосымшалар) мәліметтер енгізу жолымен тіркейді.

4. Хабарламаның бір данасы тіркелгеннен кейін тауарды кедендік ресімдеу кезінде басқа кеден органына беру үшін кеден органы лауазымды адамының белгі соғуымен декларантқа қайтарылады. Хабарламаның екінші данасы қызмет аймағында тауарларды жөнелтуші немесе алушы, не олардың құрылымдық бөлімшесі тіркелген кеден органында бақылауда қалады.

5. Хабарламаға кеден органының лауазымды адамы:

1) жүк кедендік декларациялар үшін көзделетін тәртіпке сәйкес жасалатын тіркеу нөмірін;

2) лицензияның (егер тауар лицензияланса), кедендік ресімдеу үшін кеден органдарына бөлінген квотаның қолданылу мерзімін;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку