(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - ҚР ҚАРЖЫ МИН....
Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
Премьер-Министрі Орынбасарының -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 28 сәуірдегі
№ 191 бұйрығымен
бекітілген
Біліктілік емтиханын өткізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Бұл Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және біліктілік емтиханын өткізу тәртібін айқындайды.
2. Біліктілік емтиханды тапсыру уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар ретінде тіркеуге негіз болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа